20/06/25

Елена Рыбакина тарихи жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) Берлинде (Германия) өтіп жатқан турнирде тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Рыбакина чехиялық Катерина Синяковадан (74-орын) 6:4, 7:6 есебімен басым түсіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

OptaLena дерегінше, бұл матч Рыбакина үшін ерекше болды — ол алғаш рет шөп жабындысындағы кездесуде екі сетте де есепте ұтылып жатып, жеңіске жетті. Әсіресе, қос сетте де өз соққысын бірінші болып жоғалтқанына қарамастан, ол кері қайтып, мықтылық танытты.

Келесі кезеңде Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы — Беларусь өкілі Арина Соболенкамен кездеседі.