20/06/25

“Біз дос емеспіз”: Месси Роналду туралы шындықты айтты

Аргентина құрамасының капитаны және «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси өзінің басты қарсыласы Криштиану Роналду туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Мен Криштиануға әрқашан үлкен құрметпен қараймын және оның мансабына тәнтімін. Ол әлі де ең жоғары деңгейде ойнап жүр. Арамыздағы бәсеке тек алаңда болды. Әрқайсымыз командамыз үшін барымызды салдық. Бірақ бәрі сол жерде қалды. Алаң сыртында біз – қарапайым адамдармыз. Біз дос емеспіз, өйткені бірге уақыт өткізбейміз. Бірақ бір-бірімізге үнемі құрметпен қарадық», – деді Месси Фабрицио Романоға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Месси мен Роналду арасындағы текетірес әлем футболының символына айналған. Әсіресе, Месси «Барселонада», ал Роналду «Реал Мадридте» ойнаған кезде олардың әрбір кездесуі жанкүйерлердің қызу қызығушылығын тудырған еді.