Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) қатысушысы «Ақтөбемен» ресми келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Келісімшарттың толық шарттары жарияланбады.
Айта кетейік, маусым айында 30 жастағы футболшы Польшаның «Пуща» клубынан кеткені белгілі болған. Бұған дейін Жуков Бельгияның «Льежінде», Ресейдің «Уралында», Нидерландтың «Рода» клубында, Польшаның «Висласында» және Қытайдың «Цанчжоу» командасында ойнаған. Қазақстанда ол «Астана» мен «Қайраттың» намысын қорғады.
Георгий Жуков Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 24 матч өткізген.
Қазіргі таңда «Ақтөбе» ҚПЛ турнирлік кестесінде 26 ұпаймен үшінші орында келеді.