20/06/25

Елена Рыбакина қоштасу постын жариялады

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижден кетер алдында әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

1 мамыр күні Рыбакина Франция ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің бесінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекке 6:1, 3:6, 5:7 есебімен жол берген болатын.

— «Ролан Гарросқа» рахмет, — деп жазды теннисші, жазбасына алтын түсті жүрек эмодзисін қоса жариялады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Рыбакинаның бұрынғы бапкері Стефано Вуков өзінің жаттықтырушылық қызметінен бір жылға шеттетіліп, әйелдер арасындағы теннис турнирлеріне қатысуға аккредитациясынан айырылғанына байланысты апелляция түсірген. Ол 2025 жылдың қаңтарында тәртіп кодексін бұзғаны үшін жазаланған еді. Қазіргі уақытта Вуков Еленаның агенті ретінде оның шеттетілу шешімін толықтай жоюға әрекет жасап жатыр.