20/06/25

Бублик «Ролан Гаррос»-тағы жетістігінен кейін әлемдік рейтингтің ТОП-10-ына енуі мүмкін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» — 2025 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, сарапшылардың оң бағасына ие болды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Владимир Камельзон Vprognoze.ru сайтына берген сұхбатында Бубликтің жетістігіне қатысты пікір білдірді:

— Бубликтің осындай нәтижеге қол жеткізгені — құптарлық жайт. Ендігі жерде оған сәттілік тілейміз. Ол шеберлігін көрсетті, ойыны ашылып, сенімді ойнады. Дрейперді жеңгені — үлкен көрсеткіш. Әрине, Синнермен болған ойында бәріміз Бубликке жанкүйер болдық. Бірақ нәтиже осылай шықты. Шынымды айтсам, мен оны әлемдік рейтингтің ТОП-10-ында көремін. Ол үшін барлық мүмкіндік бар, — деді маман.

Айта кетейік, Бублик «Ролан Гаррос»-тың ширек финалында Италия теннисшісі Янник Синнерге 1:6, 6:7, 0:6 есебімен жол берді.