Қазақстандық файтер Қаршыға Дәутбек (18-3) өзінің келесі жекпе-жегін 27 шілдеде өткізеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Ол Жапонияның Сайтама қаласында өтетін Super RIZIN 4 турнирінде өнер көрсетіп, жергілікті жас талант — 19 жастағы Киома Акимотоға (8-1) қарсы октагонға шығады. Бұл кездесу 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді және бес минуттық үш раундқа жоспарланған.
Қаршыға Дәутбек соңғы жекпе-жегін наурыз айында өткізген еді — ол жапондық Тихиро Судзукиді (13-6) төрешілер шешімімен жеңіп шықты. Ал Киома Акимото жуырда, мамыр айының басында өз отандасы Рио Такагиді (8-3) бірауыздан төрешілер шешімімен жеңді.