20/06/25

Александр Бублик күтпеген шешім қабылдады: Лондонды емес, Галлені таңдады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик маусымның 16–22 аралығында өтетін ATP 500 санатындағы Лондон турнирінен бас тартып, осы уақытта Германияның Галле қаласында өтетін дәл осындай дәрежедегі турнирге қатысатын болды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл туралы Entry List Updates әлеуметтік желіде мәлімдеді. Бублик бұған дейін Лондонда итальяндық Лоренцо Музеттидің орнына негізгі сеткаға енген болатын. Алайда кейіннен Германиядағы жарысты таңдады. Оның орнын аргентиналық Томас Мартин Этчеверри алмастырады. Галледе Бублик чилилік Алехандро Табилоның орнына негізгі сеткаға кірді.

Еске сала кетейік, Александр Бублик жуырда аяқталған «Ролан Гаррос» турнирінде тарихи нәтиже көрсетіп, алғаш рет ширек финалға дейін жетті. Ол сол кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге есе жіберді.