20/06/25

«Барселона» трансферге жұлдыз ойыншысын қойды — келісімшарт құны миллиард еуро

Ханс-Дитер Фликтің «Барселонаға» келуімен командада үлкен өзгерістер басталды. Соның салдарынан жақында ғана қорғаныстың тірегі саналған Рональд Араухо каталониялық клубтан кетуі ықтимал бірінші үміткер атанды, деп жазады Sport-24.kz.

Уругвайлық қорғаушының позициясы әлсірей бастады. Себебі, жаңа бапкердің жүйесінде бәсекелестік күшейді: Пау Кубарси, Андреас Кристенсен, Иньиго Мартинес және командаға қайта оралған Эрик Гарсия секілді футболшылар негізгі құрамнан орын алуға таласып жатыр. Бұрын Араухоға қол сұғылмайтын ойыншы ретінде қаралса, енді ол жай ғана «біреу» ғана.

Контракті 2031 жылға дейін жарамды болғанымен, клубтың қаржылық қиындықтары бәрін өзгертіп отыр. Кез келген ойыншы сатылуы мүмкін, егер ол клубқа табыс әкелсе.

Араухоның жағдайын қиындап тұрған жайт — шілде айында оның келісімшарттағы шығу құны 1 миллиард еуродан 65 миллион еуроға дейін төмендейді. Бұл көптеген еуропалық алпауыт клубтар үшін тартымды мүмкіндік. Әсіресе, «Ювентус» оны қаңтарда-ақ өз сапына қоспақ болған. Сонымен қатар АПЛ-дың топ клубтары да ойыншыға қызығушылық танытып отыр.

«Барселона» үшін бұл шешім жай ғана трансфер емес, стратегиялық қадам болуы мүмкін. Сатылымнан түсетін қаражат жаңа ойыншыларды сатып алуға немесе клубтың қарыздарын өтеуге жұмсалуы ықтимал. Араухо бұрынғыдай мықты және сұранысқа ие футболшы болғанымен, Фликтің командасында акцент басқа ойыншылар мен стильге ауысып жатыр.

Егер жоспар жүзеге асса, Араухо жазғы трансфер маусымындағы «Барселонаның» алғашқы ірі сатылымы болуы ықтимал. Бұл жанкүйерлер үшін ауыр шешім болғанымен, клуб басшылығы үшін салқынқанды есеп.

Еске салайық, Рональд Араухо каталондық клуб жүйесіне 2018 жылы Уругвайдың «Бостон Ривер» клубынан ауысып келген. Әуелі «Барселона Б» сапында ойнап, 2019 жылдан бастап негізгі құрамда тұрақтай бастады. 2020/21 маусымынан бастап командада маңызды рөл атқарды. Осы уақыт ішінде ол Испания чемпионы (2022/23), Испания Кубогының иегері (2020/21), ел Суперкубогының жеңімпазы (2022/23) атанып, Уругвай құрамасының капитанына айналды.

Айта кетейік, «Барселона» клубтық әлем чемпионаты – 2025 турниріне қатысуға өтінім бергенімен, ФИФА бұл өтінішті қабылдамады.