20/06/25

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатынан шет қалды

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында (13–19 маусым) Қазақстан құрамасының басты үміттерінің бірі Абылайхан Жұбаназар жарысты мерзімінен ерте аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 25 жастағы спортшы алғашқы екі белдесуінде жеңіске жеткен болатын. Алдымен ол венгриялық Петру Пеливанды «юко» есебімен ұтса, екінші айналымда бразилиялық Габриэль Фалькаоны екі «юко» ұпайымен жарыстан шығарды.

Алайда ширек финалда Абылайхан ресейлік жас жұлдыз Тимур Арбузовпен жолықты. Былтыр Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген Арбузов бұл жолы да мықтылығын дәлелдеді. Шайқас алғашқы сәттерде-ақ аяқталды – ресейлік дзюдошы жойқын әдіс жасап, қарсыласын «иппонмен» жеңді.

Осылайша, Жұбаназар әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтады. Ал Арбузов келесі айналымда Доминикан Республикасы өкілі Медиксон Кортеррелмен немесе грузин балуаны Заур Двалашвилимен кездеседі.