Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде күтпеген жеңіске қол жеткізді. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз алғашқы айналымда әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған француз Алексис Матьені жеңіп, сенсация жасады. Айта кетейік, Максим бұл рейтингте 49-орында тұр.
Келесі кезеңде қазақстандық дзюдошы Доминикан Республикасы өкілі Роберто Флорентиноға қарсы татамиге шығады.
Алексис Матье – әлемдік дзюдодағы мықты спортшылардың бірі. Ол аралас құрамалар арасында әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022, 2023) және екі дүркін Еуропа чемпионы (2022, 2024) болып саналады.