20/06/25

Мейірлан Максим әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды

Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sport-24.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Максим Доминикан Республикасының өкілі Роберто Флорентиноны жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Келесі кезеңде отандасымыз әлем чемпионы, жапониялық Гоки Тадзимамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.