20/06/25

Төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық дзюдошының жолын кесті

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Мейірлан Максим 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан байрақты додада ол 90 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға дейін жетті.

Аталған кезеңде Максимге Жапонияның төрт дүркін әлем чемпионы (оның үшеуі командалық жарыстарда) Гоки Тадзима қарсылас болды. Жапон дзюдошысы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан тағы бір жарыс күнін жүлдесіз қорытындылады. Айта кетейік, Мейірлан Максим бұл белдесуде жарақат алып қалған.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде жалғыз күміс медаль бар. Оны 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова жеңіп алған болатын.