Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Қонысбек Төкенов тағайындалды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді жаңа бапкердің кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Мельниченконың жетекшілігімен қазақстандық балуандар маңызды жетістіктерге жеткен еді — Париж Олимпиадасында Демеу Жадраев күміс жүлде иеленсе, соңғы әлем чемпионатында Ержет Жарлыкасын күміс медаль еншіледі.
Қонысбек Каримұлы бұл тағайындауға дейін Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Енді ол ұлттық құраманы 17–20 шілде аралығында Будапештте өтетін рейтингтік турнирге бастап апарады.