20/06/25

Марат Байқамұров әлем чемпионатын сәтті бастады — енді Олимпиада чемпионына қарсы шығады

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамұров Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Байқамұров жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы белдесуінде кубалық Заиль Рамиресті жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді ширек финал жолдамасы үшін Марат Олимпиада чемпионы, Әзірбайжан өкілі Зелим Коцоевпен кездеседі.

Айта кетейік, дәл осы салмақта сынға түскен Нұрлыхан Шархан екінші айналымда бразилиялық Леонардо Гонсалвестен жеңіліп қалды.