20/06/25

Олимпиада чемпионы қазақстандық дзюдошының жолын кесті

Марат Байқамұров дзюдодан әлем чемпионатындағы (Будапешт, Венгрия) жорығын 1/8 финалда аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған спортшы бұл кезеңде Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Зелим Коцоевпен (Әзірбайжан) татамиге шықты. Өкінішке қарай, қарсылас кездесу барысында басымдық танытып, жеңісті мерзімінен бұрын жұлып әкетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір ғана медаль бар. Турнирдің алғашқы күнінде 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған болатын.