21/05/25

Джон Джонстың спорттағы мансабы аяқталды

UFC-дің ауыр салмақтағы қазіргі чемпионы, америкалық Джон Джонс кәсіпқой ММА-дегі мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Ол бұл туралы белгілі ресейлік промоутер Камил Гаджиевпен болған сұхбатында айтқан. Джонстың айтуынша, енді ол октагонға қайта оралмайды.

“10 жыл өтті, сен әлі де белсендісің ғой?”

“Жоқ. Мен аяқтадым — жетеді енді.” — деп жауап берді Джонс.

Айта кетейік, Джон Джонс соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қарашасында Нью-Йоркте өткен UFC 309 турнирінде өткізген. Ол кездесуде бұрынғы чемпион Стипе Миочичті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Қазіргі уақытта спортшы Дағыстанда түсіріліп жатқан реалити-шоуға қатысып жүр.

Джон Джонс — UFC тарихындағы ең танымал және даулы чемпиондардың бірі. Ол өз мансабында бірнеше мәрте титулын қорғап, аралас жекпе-жек спортының аңызына айналды.