Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Азат Максум 21 маусымда Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін турнирде ресейлік Тагир Уланбековке қарсы жекпе-жек өткізіп, дивизион рейтингіне кіруге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Максум бұл жекпе-жекке жапондық Кёдзи Хоригутидің орнына шықпақ — Хоригути турнирге бірнеше апта қалғанда жарақатына байланысты қатысудан бас тартты.
2023 жылы UFC-де дебют жасаған Азат Максум алғаш жекпе-жегінде Тайсон Намды бөлінген шешіммен жеңіп, келесі жекпе-жекте Чарльз Джонсонға бірауыз шешіммен жеңіліп қалды. Алайда бұл жекпе-жек «Кештің ең үздік айқасы» атағына ие болған еді.
— «Қазақтың» бұл жолы жеңіске жетсе, ол ең жеңіл салмақтың ТОП-10 қатарына енуі мүмкін. Себебі Уланбеков дәл қазір дивизионда 10-орында тұр және үш жекпе-жекте қатарынан жеңіске жеткен, — деп жазады басылым.
Азат Максум үшін бұл карьералық серпіліс жасауға үлкен мүмкіндік болмақ.