2024 жылғы 24–30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1000-ға жуық балуан қатысады. Турнир ұлттық құрамаларды жасақтау үшін іріктеу болып саналады және әлем чемпионаттарына жолдама алуға басты қадам болмақ.
Биылғы Кубокта халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғаған атақты спортшылар да бозкілемге шығады, бұл турнирдің деңгейін айтарлықтай арттырады.
Алғашқы жарыс күнінде еркін күрес шеберлері, одан кейін әйелдер, ал соңғы күндері грек-рим күресінің балуандары жүлделерді сарапқа салады.
Бәсекелер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.