Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2025 жылғы әлем чемпионатының топ-дивизионында өнер көрсеткен ұлттық құрамалардың жаңартылған күш рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Қазақстан құрамасы бұл рейтингте 15-орынға тұрақтады. Команда тек Францияны артта қалдырған. IIHF Қазақстанның турнирдегі өнерін қысқаша былай сипаттады: «АҚШ-тан 1:6 есебімен ұтылдық — қарымта қайтару мүмкін болмайды».
Айта кетейік, чемпионат басталмас бұрын Қазақстан 13-орында тұрған болатын.
Чемпионат барысында Олег Болякиннің шәкірттері үш ұпай жинап, B тобында соңғы орын иеленді. Бұл нәтиже құраманың топ-дивизионнан шығуына себеп болды. Қазақстан жалғыз жеңісіне турнирдің алғашқы кездесуінде Норвегия құрамасын ұтып қол жеткізген еді.