22/05/25

Елена Рыбакина Страсбург турнирінің жартылай финалына жақын

Қазақстандық үздік теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан беделді WTA турнирінің ширек финалында поляк спортшысы Магда Линеттпен кездеседі, деп хабарлайды Sport-24.kz.

TheStatsZone.com сарапшылары Еленаның бұл матчта айқын фаворит екенін атап өтті. Бұған дейін қос теннисші кортта екі рет жолығып, екеуінде де қазақстандық теннисші жеңіске жеткен. Ең соңғы кездесулері топырақ жабындысында өтіп, Рыбакина екі ретте де сенімді жеңіске жеткен еді.

«Рыбакина өзінің соңғы кездесуінде өте жоғары деңгей көрсетті. Ал Линеттке қарсы бұған дейінгі екі жеңісі оның мықты артықшылығы. Осыған қарап, бұл матчта жеңіс Еленаға тиесілі болады деп болжауға негіз бар, — делінген жарияланған мақалада.

Еске сала кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры — 925 661 еуро. Жарыстың жеңімпазы 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.