Бакуде (Әзербайжан) өткен жасөспірімдер арасындағы Гейдар Әлиев кубогы – 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы есебі 11 медаль иеленді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Отандық жас боксшылар жарысты 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен аяқтады.
Ұлдар арасында:
• Эмир Мұхит (54 кг) – алтын
• Едіге Нұрқожа (50 кг), Жангелді Алкен (63 кг), Дарын Тасмұхаменов (66 кг), Темірлан Ералиев (70 кг) – күміс
• Әділет Абылайхан (48 кг), Занғар Сайлаубек (54 кг), Еркетан Жарқынбек (80+ кг) – қола
Қыздар арасында:
• Аделаида Садвакасова (57 кг) – алтын
• Виктория Бишлер (50 кг), Ақерке Сердалы – қола
Айта кетейік, бұл турнир жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, халықаралық деңгейдегі бәсекеге бейімделуге үлкен мүмкіндік болды.