Қазақстан құрамасының және түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Ақпарат көзінің мәліметінше, «Бешикташ» 25 жастағы қорғаушы Фран Гарсияның трансферін ұсынып, оған қоса 27 жастағы қазақстандық футболшыны келісімге енгізуді жоспарлап отыр.
Өткен маусымда Зайнутдинов стамбұлдық клуб сапында 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, бас бапкер Уле Гуннар Сульшердің жартылай қорғаушыны негізгі жоспарға қоспағаны және клубтан кетуге рұқсат бергені хабарланды.
Егер келісім жүзеге асса, Бахтиер Зайнутдинов мадридтік «Реалдың» тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы атануы мүмкін.