Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жекелей сында өз қатысуын аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Соңғы болып татамиге 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ерасыл Қажыбаев шықты. Оның алғашқы қарсыласы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – Оңтүстік Кореялық Ким Минджон болды.
Өкінішке қарай, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, кореялық спортшы жеңіске жетті.
Айта кетейік, 20 маусым күні Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы аралас командалық сайыстарға қатысады. Алғашқы қарсылас – Бразилия құрамасы.