20/06/25

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатын үш алтынмен бастады

Вунгтау қаласында (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бәсекенің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының грек-рим күресінің балуандары алты жүлде жеңіп алды. Олардың үшеуі — алтын.

Чемпион атанған балуандар:

– Исхар Курбаев (60 кг),

– Бағдат Сабаз (67 кг),

– Ақжан Ықыласов (77 кг).

Күміс жүлделерді Юсуф Мациев (97 кг) пен Жохар Ұзаров (130 кг) еншілесе, Диас Қалтай (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.

Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы жарысты сәтті бастап отыр.