20/06/25

Геннадий Головкин жаңа жетістікке қол жеткізді

World Boxing ұйымына мүше елдердің саны артты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«World Boxing атқарушы кеңесі бес ұлттық бокс федерациясының өтінішін мақұлдап, ұйым мүшелерінің жалпы саны 111 елге жетті. Жаңа қосылғандар қатарында — Босния және Герцеговина, Грузия, Индонезия, Румыния және Тринидад пен Тобагоның бокс федерациялары бар», – делінген ұйым таратқан хабарламада.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясына Қазақстанның танымал боксшысы Геннадий Головкин төрағалық етеді.

Головкин кәсіби рингке соңғы рет 2022 жылы шыққан. Қазіргі таңда спорттан кету туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.