20/06/25

UFC чемпиондық белбеуін сарапқа салған Двалишвили — О’Мэлли реваншының тағдырын жарқын финиш шешті

АҚШ-тың Ньюарк қаласында (Нью-Джерси штаты) өткен UFC 316 турнирінде басты жекпе-жекте грузиялық файтер Мераб Двалишвили (19-4) мен америкалық Шон О’Мэлли (18-2) кездесті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл жекпе-жекте Двалишвили UFC жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады. Кездесу бес раундқа жоспарланған болатын, алайда үшінші раундта Мераб қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп шықты. Осылайша, ол кәсіби мансабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал Шон О’Мэлли ММА-дегі үшінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Двалишвили мен О’Мэлли бұған дейін де октагонда кездескен еді. Өткен жылдың қыркүйегінде грузиялық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын.