Халықаралық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ресми сайтында әйелдер арасындағы жаңартылған рейтинг жарияланды.
72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова 51 мың ұпай жинап, әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр. Ол бұл орынды биылғы сәуір айында иеленген болатын. Жапониялық Ами Иши 45 мың ұпаймен екінші орында орналасса, үшінші орынды Моңғолия спортшысы Болортунгалаг Зоригт 34 700 ұпаймен иеленді.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, Азияның төрт дүркін чемпионы Жамиля Бақбергенова 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында төртінші рет алтын медаль жеңіп алды.