20/06/25

Төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық дзюдошыдан кешірім сұрады

Дзюдодан Қазақстан құрамасының баспасөз қызметі Будапештте өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионаты аясындағы маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

1/8 финалдағы жекпе-жекте 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Мейірлан Максимге қарсы татамиге шыққан жапондық дзюдошы — төрт дүркін әлем чемпионы Гоки Таджима — қазақстандық спортшыдан алған жарақат үшін кешірім сұрады.

Қазақстан құрамасының супервайзері, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) судьялар жұмысын қадағалаушы өкілі бұл жағдайды талқылау үшін арнайы өтініш білдірді. IJF бұл әрекет әдейі жасалмағанын, жекпе-жек кезінде ережебұзушылық тіркелмегенін растады. Алайда федерация жапон жаттықтырушыларын o soto gaeshi әдісін орындау барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігі туралы ескерткен.

Мейірлан Максим Будапешттегі медициналық орталықта шұғыл тексеруден өтті. Алдын ала қойылған диагноз — тізе буынының медиальды бүйір байламының жарылу қаупі. Қосымша тексерістен кейін нақты диагноз жария етіледі. Қазіргі таңда спортшы Қазақстанға ем алу үшін қайтарылды.

Белдесуден кейін Гоки Таджима Мейірлан Максимге шын жүректен кешірім сұрап, тезірек сауығып, татамиге қайта оралуына тілектестік білдірді.