UFC-дің жартылай орта салмағындағы бразилиялық жекпе-жек шебері Гилберт Бёрнс Камару Усманның Pound 4 Pound подкастының қонағы болып, дивизиондағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бернске қазіргі ең асыра бағаланған файтерді атау ұсынылды. Айта кетейік, бұл салмақта Қазақстан атынан Шавкат Рахмонов топ-3 қатарына кіреді.
— «Ең асыра бағаланғаны кім? Айту қиын. Бұл дивизионда барлығы өте мықты. Джек Делла Маддалена, Шон Брэди, Белал Мухаммад, Шавкат Рахмонов, Иэн Гэрри — бәрі де өте-өте күшті жігіттер. Бірақ… Ковингтон? Иә, дәл солай — Колби Ковингтон. Ол қазір топ-10 файтерлері үшін ең оңай қарсылас. Қазіргі уақытта, сен (Камару Усман) онымен айқасқан кездегі емес», — деді Бёрнс.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні австралиялық Джек Делла Маддалена Белал Мухаммедті жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленген болатын.