22/05/25

ҚПЛ ойыншысы тарихи рекордқа жақындап қалды

«Тұран» клубында өнер көрсететін Беларусь футболшысы Игорь Стасевич жоғары деңгейдегі кездесулер саны бойынша тарихи рекордқа бір қадам қалды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қазіргі таңда рекорд аты аңызға айналған Александр Глебке тиесілі — оның еншісінде 731 матч бар. Стасевичке бұл көрсеткішті жаңарту үшін небәрі бес кездесу өткізу жеткілікті. Осылайша, ол 732 матчпен Беларусь футболының жаңа рекорд иесі атануы мүмкін.