Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бәсекенің соңғы күні аралас командалық жарыстармен қорытындыланды. Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Бразилия командасымен жолықты. Тартысты кездесу 0:4 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Осылайша, Қазақстан бұл чемпионатта жалғыз ғана жүлде иеленді. Турнирдің алғашқы күні әйелдер арасындағы 48 келі салмақта өнер көрсеткен Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, бұл нәтиже алдыңғы әлем чемпионаттарымен салыстырғанда Қазақстан құрамасы үшін көңіл көншітпейтін көрсеткіш болып отыр.