UFC-дің бұрынғы чемпионы және басты жұлдызы Конор Макгрегор (22-6) ММА-ға қайтып келу мүмкіндігін әлі де қарастырып отыр, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— Конор осы жылдың соңына дейін қайта оралуы мүмкін. Қазір бәрі ұсыныс пен жекпе-жек нұсқаларына байланысты, — деді спортшы өкілі.
Айта кетейік, 36 жастағы ирландиялық файтер соңғы сегіз кездесуінің бесеуінде жеңіліс тапқан. 2021 жылы Дастин Порьемен (30-9) өткен шайқаста аяғын сындырып, содан бері октагонға шықпаған.
Жанкүйерлер Конордың үлкен камбэгін асыға күтуде.