Аралас жекпе-жек әлемінде жаңа кезең басталды. 32 жастағы ағылшын спортшысы Том Аспиналл UFC ұйымындағы ауыр салмақтағы жаңа абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұл жаңалық UFC президенті Дана Уайттың Бакуде өткен турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында Джон Джонстың мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялауынан кейін белгілі болды. Еске сала кетейік, америкалық Джонс аралас жекпе-жекте 28 жеңіске жетіп, небәрі бір рет жеңілген.
Ал Аспиналл өзінің мансабында 15 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапқан. UFC-де ол сегіз жеңіс және бір жеңіліспен көзге түскен. Соңғы жекпе-жегін ол 2024 жылдың шілдесінде өткізді, онда қарсыласы Кёртис Блэйдсты сенімді түрде жеңген болатын.
Осылайша, Джон Джонстың спорттан кетуімен Том Аспиналл UFC-дің жаңа ауыр салмақтағы көшбасшысы болып бекітілді.