23/06/25

Александр Бублик рейтингте қарқынды өсім көрсетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен беделді турнирдегі сенсациялық жеңісінен кейін ATP-ның live-рейтингінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бублик турнир қорытындысы бойынша 1675 ұпай жинап, 35-орынға жайғасты. Турнир басталар алдында ол 45-сатыда тұрған еді.

Айта кетейік, Бублик бұл турнирде керемет нәтиже көрсетті. Ол:

  • әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді,
  • үздік 25-тен Томаш Махач (23), Карен Хачанов (21) және Даниил Медведевті (11) қатарынан жеңді.

Бұл Александрдың Галледегі алғашқы табысы емес – ол бұл турнирде 2023 жылы да чемпион атанған болатын.