23/06/25

Қазақ файтері тарихи UFC турнирінен кейін миллионер атанды

Азат Максум (15-2) Бакуде (Әзірбайжан) өткен UFC on ABC 8 тарихи турниріндегі жекпе-жегі үшін 28 000 АҚШ доллары (шамамен 14,6 миллион теңге) көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қазақстандық спортшы:

  • 24 000 доллар (октагонға шыққаны үшін),
  • 4 000 доллар (демеушіліктің бонус ретінде бергені) алды.

Бұл жекпе-жекте Азат ресейлік Тагир Уланбековпен (17-2) кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды. Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар бұл шешімді әділетсіз деп санап, қазақстандық спортшыны «тонап кетті» деген пікір білдірді.

Айта кетейік, бұл Максумның UFC-дегі үшінші жекпе-жегі болды. Қазіргі таңда оның рекорды: 1 жеңіс және 2 жеңіліс.

UFC on ABC 8 турнирі — UFC тарихындағы тұңғыш Әзірбайжанда өткен ресми жарыс ретінде тіркеліп отыр.