23/06/25

Дана Уайт: «Біз үшін Азат Максум бұл жекпе-жекте жеңіске жетті»

UFC президенті Дана Уайт Бакуде өткен турнир аясында Азат Максум мен Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

21 маусымда өткен кездесуде ресейлік спортшы Уланбеков төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл нәтиже көпшіліктің, әсіресе қазақстандық жанкүйерлердің ашуын туғызды. Олар UFC-дің ресми парақшаларына наразылықтарын белсенді түрде білдіріп жатыр.

— Бұл кездесудің нәтижесі көптеген сұрақ туындатты. Қазір қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде ұйымымыздың аккаунттарына шабуыл жасап жатыр. Максум қатарынан екі жеңіліске ұшырады деп есептелсе де, біз бұл жағдайға басқаша қараймыз. Мен үнемі айтып келемін: төрешілермен әрдайым мәселе болады. Қайта аттестация да қиындық тудырады. Бірақ бәрі төрешілердің дұрыс шешім қабылдамағанын көріп тұрғанда, біз UFC-де сол жекпе-жекті ұтылды деп танылған спортшыны жеңімпаз ретінде қабылдаймыз, — деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.

UFC басшысы осылайша Азат Максумның көрсеткен өнерін жоғары бағалап, оның болашағына сеніммен қарайтынын аңғартты.