21/05/25

Криштиану Роналду испан клубын сатып алуға ниетті

«Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жақын арада Испанияның екінші дивизионында ойнайтын «Альмерия» клубының тең иесі атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, португалиялық футболшы Сауд Арабиясындағы ірі инвестициялық компания — SMC Group басшысы Мохамед Аль-Херейджимен жақсы қарым-қатынаста. Аталған компания бұған дейін «Альмерияны» сатып алған болатын. Енді 40 жастағы Роналду осы компанияның үлесін сатып алып, испандық клубтың қосалқы иесіне айналуы ықтимал.

Айта кетейік, дәл осы Аль-Херейжи 2022 жылы Роналдудың «Аль-Насрға» ауысуына себепкер болған негізгі тұлғалардың бірі саналады.

Қазіргі таңда «Альмерия» Сегунда турнирлік кестесінде 39 турдан кейін 62 ұпаймен алтыншы орында тұр.