21/05/25

Хаби Алонсо қалаған ойыншы «Реалға» келеді

Мадридтік «Реал» ағылшындық «Борнмут» клубының қорғаушысы Дин Хёйсенді өз сапына қосуға жақын, деп хабарлайды Sport-24.kz.

20 жастағы қорғаушы қазіргі уақытта медициналық тексеруден өтуде. Испаниялық алпауыт клуб ойыншы үшін «Борнмутқа» 50 миллион фунт стерлинг (шамамен 60 миллион еуро) төлеуге келісім берген.

Аталған трансфер бастан-ақ болашақ бапкер Хаби Алонсоның сұранысы бойынша жүзеге асқан. Ол Дин Хёйсенді өз командасында көргісі келген.

Келісім аяқталғаннан кейін футболшы «Реалмен» бес жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.