21/05/25

Войцех Щенсный футболға қайта оралып, «Барселонамен» требл жасады

Поляк қақпашысы Войцех Щенсный кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін күтпеген жерден футболға қайта оралды. Ол 2024 жылдың күзіне қарай «Барселонадан» шақырту алып, каталониялықтармен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды, деп жазады Sport-24.kz.

Бұл шешім негізгі қақпашы Марк-Андре тер Стегеннің жарақатынан кейін қабылданған. Қайта оралған Щенсный бірден сенімді ойын көрсетіп, «Барселонаға» үш бірдей трофей әкелуге көмектесті — Испания Суперкубогы, Испания Кубогы және Ла Лига чемпиондығы.

Қазір жанкүйерлер поляк қақпашысының клубта қалуын қалайтындарын жасырмай отыр.