21/05/25

Шавкат Рахмоновқа UFC-де жаңа бәсекелес пайда болды

18 мамыр күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 106 турнирінде эквадорлық Майкл Моралес басты жекпе-жекте Гилберт Бёрнсты бірінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл жеңісі арқылы Моралес өзінің жеңісті сериясын алты жекпе-жекке жеткізді. Бұл нәтиже UFC-дің жартылай орта салмағындағы үздік үштікке кіреді және Хоакин Баклимен тең.

Қазіргі уақытта бұл дивизионда ең ұзақ жеңісті сериялар келесі спортшыларға тиесілі:

• Шавкат Рахмонов (Қазақстан) — 7 жеңіс қатарынан

• Джек Делла Маддалена (Австралия) — 8 жеңіс қатарынан

• Майкл Моралес — 6 жеңіс қатарынан

Моралес осы қарқынын жалғастырса, Шавкат Рахмонов пен Джек Делла Маддалена үшін қауіпті қарсыласқа айналуы мүмкін.