21/05/25

Семейде жаңа стадион салынады. Сыйымдылығы белгілі болды

Абай облысының әкімі Берік Уәли аймақты дамытудың алдағы жылдарға арналған жоспарын таныстырып, Семей қаласында жаңа футбол стадионының салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Әкімнің айтуынша, бұрынғы жоба қайта қаралған. Алғашқыда стадион қаланың сол жағалауындағы ескі «Пищевик» стадионының орнында салынып, 12 мың көрерменге арналған болмақ еді. Алайда жаңа шешімге сәйкес, арена жаңа шағынауданда бой көтеріп, сыйымдылығы 20-22 мың адамға дейін ұлғайтылады.

Бұл – аймақтағы спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.