21/05/25

Хабиб Нурмагомедовтың ММА-дан кетуінің шынайы себебі аталды

UFC-дің орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде бұрынғы титулға үміткер болған, қазіргі танымал спорт сарапшысы әрі аналитик Чейл Соннен Хабиб Нурмагомедовтың ММА-дан кетуінің шын себебін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Америкалық маманның айтуынша, Хабибтің мансабын 29-0 есебімен аяқтауының жалғыз себебі — UFC басшылығының оған салмақ дәрежесін өзгертуге рұқсат бермеуі.

«Сіздер неге Хабибті 30-0 рекордпен көре алмадыңыздар? Себебі бәрі оның бұл жетістікке жеңіл салмақта жетуін қалады. Егер UFC оған салмақ өсіруге мүмкіндік бергенде, Хабиб те, Сен-Пьер секілді басқа жекпе-жекшілер де тағы бір жекпе-жекке шығар еді», — деді Соннен өзінің YouTube арнасында.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы Джастин Гэтжиге қарсы жеңісінен кейін мансабын аяқтаған болатын.