22/05/25

Гвардиола Хусановты таңдады: Вирцке қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты

«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола «Байер» жұлдызы Флориан Вирцтың командасына ауысуы мүмкін деген сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Қазір бұл туралы айтуға уақыт емес. Англия Кубогының финалына дейін ешқандай пікір болмайды. Менде 24 керемет ойыншы бар. Болашаққа қатысты ештеңе айтпаймын», – деді испаниялық маман.

Айта кетейік, Вирц биылғы маусымда барлық турнирде 44 ойын өткізіп, 16 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген.

Еске салсақ, «Сити» сапында өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусанов та бар. Алайда ол соңғы матчтарда алаңға шықпады. Гвардиоланың Вирц жайлы пікір білдіруден бас тартып, қазіргі құрамына сенім білдіруі Хусановтың болашағына оң әсер етуі мүмкін.