Қазақстан құрамасының жас спортшысы Жания Бекмұхамбетова Болгарияда өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
13 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынаған Жания жарысты сенімді түрде өткізді. Ол Болгария елінің теннисшілері — Радина Захариева, Мартина Николова мен Белослава Балкансканы, сондай-ақ Словакиядан Вивьен Муркова мен Румыниядан келген Карисс Сербан және Бьянка Томуды жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Бұл жеңіс — қазақстандық үстел теннисі үшін үлкен жетістік.