Хоккейден Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский 2025 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен Қазақстан мен АҚШ құрамалары арасындағы матч туралы пікір білдірді. Айта кетейік, бұл кездесуде Қазақстан 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
— Әдеттегідей, әлсіз ойнадық. Біздің құраманың шамасы максимум бір жарым периодқа ғана жетеді, одан кейін шаршап, қателіктерге бой алдырады да, шайбалар жіберіп алады. Қазақстан құрамасының ойынына қатты наразы болдым. Пас жоқ, қарсылас аймағына кіре салып, шайбаны өздеріне қайта береді. Креатив пен тапқырлық жетіспейді, — деді маман.
Осылайша, Қазақстан чемпионаттағы бесінші ойынын қатарынан жеңіліп, үш ұпаймен В тобы турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Келесі матчта ұлттық құрама сейсенбі күні 15:20-дa Швейцариямен кездеседі.