Португалиялық футбол аңызы Криштиану Роналду өз мансабын аяқтауға әлі асығар емес. Жақын күндері ол болашағына қатысты нақты шешім қабылдайды. Бұл туралы Sport-24.kz Николо Скираның ақпаратына сүйене отырып хабарлайды.
Инсайдердің мәліметінше, 40 жастағы шабуылшы кем дегенде тағы екі маусым кәсіби деңгейде өнер көрсетуге дайын. Қазіргі таңда Роналду бірнеше клубтан ұсыныс алып отыр. Ол “Аль-Насрдағы” мансабын жалғастырумен қатар, өзге елдердің клубтарын да қарастыруда.
Айта кетейік, Криштиану Роналду бүгінде Сауд Арабиясының “Аль-Наср” клубының намысын қорғап жүр. Биылғы маусымда ол 28 кездесуде алаңға шығып, 23 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Төрт түрлі чемпионатта жүлде алып үлгерген Роналду — “Алтын допты” бес рет иеленген футболшы. Ол бұған дейін “Спортинг” (Португалия), “Манчестер Юнайтед” (Англия), “Реал Мадрид” (Испания) және “Ювентус” (Италия) клубтарында ойнаған. Жуырда ғана оның Испаниядағы бір клубтың иесі атануы мүмкін екені де хабарланған болатын.