Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов жайлы қызықты пікір білдірген бұрынғы ресейлік қорғаушы Арсений Логашов РПЛ-дегі кез келген клуб оның қызметіне қуана келісетінін айтты, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— «Түркия — мұсылман елі, ал Бахтиер өте діндар жігіт. Бұл фактор оның таңдауы үшін маңызды деп ойлаймын. Оның үстіне ол бұл елде көп жылдан бері тұрып келеді, үйреніп қалған. Жалақы жағынан да «Бешикташта» «Зенитке» қарағанда көп айырмашылық бола қоймас еді. Егер ресейлік клубтарға еурокубоктарға қатысу рұқсаты берілсе, РПЛ Бахтиер үшін жақсы нұсқа болар еді. Оны бұл лигада кез келген команда қуана қабылдар еді. Тіпті жаралы болса да, ол — өте құнды ойыншы», — деді Логашов Meta-ratings.kzсайтына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Зайнутдинов «Бешикташ» сапында үшінші маусым ойнап жатыр. 2024 жылдың жазында ол «Зениттің» ұсынысынан бас тартқан болатын. Бұған дейін Бахтиер РПЛ-да «Ростов» пен ЦСКА клубтарының намысын қорғаған. Жалпы алғанда, Ресей Премьер-Лигасында 95 матч өткізген.