21/05/25

Екі дүркін абсолют әлем чемпионы Кларисса Шилдс ММА-дегі мансабын аяқтады

Әйгілі америкалық боксшы, екі салмақ дәрежесінде абсолют әлем чемпионы Кларисса Шилдс ММА-дегі спорттық жолын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«ММА-мен қош айтыстым. Бұл қызық тәжірибе болды, бірақ менде дайындыққа жеткілікті уақыт жоқ. Тейкдауннан қорғануға дайындалу үшін кемінде 6-8 ай қажет. Мен көп еңбектендім, тіпті екі рет қолымды сындырып алдым. Әр жекпе-жегімнен ләззат алдым, бірақ бұл тым ауыр. ММА-ға тұрақты дайындық керек — 3-4 жыл толық жаттығу. Мен бокста аңызға айналдым, ал ММА-да дәл сондай деңгейге жету үшін көп уақыт керек еді. Уақытым жетпеген соң, бұл жолды жалғастыру мүмкін болмады», — деді Шилдс.

Кларисса ММА ережесі бойынша 3 жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліп қалған. Ол PFL чемпионы болуды және Кайла Харрисон немесе Ларисса Пачекомен айқасуды армандағанын жасырмады. Алайда, басты бағытын — боксты таңдап отыр.