21/05/25

Магомед Адиев «Химкиден» жалақы алмағанын мәлімдеді

Ресейлік Премьер-Лиганың (РПЛ) 29-турында «Рубинді» 3:2 есебімен жеңген «Химкидің» бас бапкері міндетін атқарушы Магомед Адиев өзіне әлі күнге дейін жалақы төленбегенін айтты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«Әзірге маған жалақы төленген жоқ. Чемпионат аяқталған соң бәрі шешіледі деп үміттенемін», — деді ол «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, сәуір айында Франк Артиги қызметінен кеткеннен кейін «Химки» футболшылары жалақы қарызына байланысты бірнеше жаттығуды өткізіп жіберген болатын. Кейін РПЛ басшысы Александр Алаевтың араласуымен клубта сыртқы басқару енгізілді. Осыдан соң ойыншыларға желтоқсан айының жалақысы төленді.

Адиев сәуірдің ортасында клубқа бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде келді. Ол бұған дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған.

Қазіргі таңда «Химки» турнир кестесінде 29 ұпаймен 11-орында тұр. Команда соңғы турда «Спартакпен» кездеседі.