Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Астанада өтетін World Boxing Кубогы кезеңіне қатысатын былғары қолғап шеберлерінің алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұл туралы ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Алдын ала тізімде ел намысын келесі боксшылар қорғайды:
1.Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін)
2.Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
3.Серік Теміржанов (60 кг дейін)
4.Ертуған Зейноллинов (65 кг дейін)
5.Абылайхан Жүсіпов (70 кг дейін)
6.Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін)
7.Нұрбек Оралбай (80 кг дейін)
8.Бекзад Нұрдәулетов (85 кг дейін)
9.Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін)
10.Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
Аян Төлегеннің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан құрамасы Таиланд пен Нидерландыда өтетін екі халықаралық турнирге де қатысады. Бұл жарыстарда көшбасшы боксшылардың дайындығы қайта тексерілмек.
Айта кетейік, World Boxing Кубогының Астана кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.